19.03.2022, 10:20
Оқылды: 55

Басым көпшілік дауыспен сайланды

Осы аптаның бейсенбісінде Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің үшінші шақырылымдағы мүшелерінің алғашқы басқосуы өтті.

Ербол Салыков (1)

Бұл жиынды облыстық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Айдар Батырханов ашып, жүргізіп отырды. Ұйымдастыру мәселелерін қараған жиынға кеңестің 31 мүшесінің 27-сі қатысты, төртеуі себепті жағдайлармен қатыса алмады. Кеңес мүшелері ұсынған екі үміткерден ашық дауыс берудің нәтижесінде басым көпшілік дауыспен кезінде аудандық және облыстық деңгейдегі біраз лауазымды қызметтерді абыроймен атқарған Жайық жұртына кеңінен танымал азамат Ербол Ғұмарұлы Салықов облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды.

Өз тілшіміз,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале