23.09.2017, 16:34
Оқылды: 52

Батырдың мерейтойы туған топырағында жалғасуда

1Бүгін айбынды батыр, айтулы шешен, дала реформаторы Сырым Датұлының 275 жылдық мерейтойы өзінің туған жері Сырым елінде жалғасуда.

Елбасымыздың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде өткізілген шара қонақтардың Алаш мұражайы мен С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейін тамашалауынан басталды. Бұдан соң өңір делегациясы мен келген қонақтар Алаш саябағында болып, гүл шоқтарын қойды.

Мерейтойға арналған мерекелік шара батырдың кіндік қаны тамған кең дала төсіндегі дала қызықтарына ұласты. Алыстан көз тартатын, бірнеше ақшаңқан киіз үй тігілген шағын ауылға қарай ағылушылардың қарасы көп. Сары алтынға боялған дала төсінде өткен думанда аламан бәйге, қазақша күрес, ұлттық ойындардан сайыстар өткізіледі. Сонымен қатар мерекелік шара барысында жиналғандарға арналып театрландырылған қойылым қойылып, мерекелік концерт ұсынылады.

2Мерекелік шараға жиналғандарды облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтады.
-Сырым бабамыздың мерейтойына арналған бұл шаралар Елбасымыздың "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Осы айтулы мерейтойға орай Алаш музейі күрделі жөндеуден өтіп, жәдігерлері жаңартылды. Сонымен қатар Сырым Датұлы атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейі жабдықталды. Бұл дегеніміз ұлтымыздың өткен тарихына, өмірден өткен ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолдарына деген құрметіміз. Мерейтой құтты болсын, жерлестер,-деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Нұрбек Оразаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале