6.05.2021, 14:25
Оқылды: 147

Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестр ұжымы ұландық жас сарбаздарға концерт қойды

Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестр ұжымы Ұлы Жеңістің 76 жылдығы мен Қазақстан  Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 29 жыл толуына орай 5517 әскери бөлімшесіне мерекелік концерт қойды.

40644B0D-BEE9-435A-819B-7553C7C18CD4

Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестр ұжымының жетекшісі Асхат Хасанов әскери қызметкерлерді мерекемен құттықтады.

-Оркестр ұжымы атынан баршаңызды Ұлы Жеңіс және Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің тыныштығы мен татулығын берік сақтауға Отан алдында адал, абыроймен қызмет етіп жүрген сіздерге рахмет! Елімізде әрдайым бейбітшілік болсын! Елбасының көреген саясатының нәтижесінде 130-дан астам этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бірлігіміз арта берсін, - деді ол.

58376612-0801-4E96-A2FB-03A206E12A84

Мерекелік концерт әскери тақырыптарға арналды.

Кеш соңында сөз алған бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Жәнібек Сарсенов бөлім жеке құрамына тамаша концерттік бағдарлама ұсынған Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестр ұжымына шексіз алғысын білдірді.

 Ертұған  Әубәкір,

капитан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале