Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов Батыс Қазақстан облысының сот корпусына облыстық соттың жаңа төрағасын таныстырды.
ҚР Президентінің 2025 жылғы 13 наурыздағы № 813 «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметін атқарып келген Азат Ізбасаров тағайындалды.
Іс - шараға облыс әкімі Н.Төреғалиев, облыстың құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бірінші басшылары, облыстық және аудандық соттардың судьялары қатысты.
Нұрсерік Шәріпов тағайындалған төрағаның сот төрелігін жүзеге асыру сапасы мен сот беделін нығайту жолындағы көп жылғы қажырлы еңбегін атап өтіп, қызметіне сәттілік тіледі.
Өмірбаяндық анықтамадан:
Ізбасаров Азат Өмірбекұлы 1978 жылы Алматы облысы, Текелі қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Жалпы еңбек өтілі – 25 жыл.
1999 - 2004 жылдары – Талдықорған қаласының ішкі істер органдарының тергеушісі.
2004 - 2007 жылдары – Алматы қаласының ішкі істер органдарында тергеуші.
2007 - 2008 жылдары – Алматы қаласы ішкі істер органдарында тергеуші, бөлім бастығының орынбасары.
2008 – 2009 жылдары – Алматы қаласы Ішкі істер органдарында тергеу басқармасының бастығы.
2009 - 2014 жылдары – Қаскелең қаласы Қарасай аудандық сотының судьясы.
2014 - 2018 жылдары – Маңғыстау облысы ҚІжМАС төрағасы.
2018 - 2021 жылдары – Маңғыстау облыстық сотының судьясы.
2021 жылдан бастап, қазіргі кезге дейін, Батыс Қазақстан облыстық Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі