"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын, "құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65-бабын, "санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 05 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығын басшылыққа ала отырып, адам өмірі мен денсаулығын сақтау және Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - БҚО) тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі - КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1-тармақтың 3-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"Қашықтықтан" жұмыс түріне бірінші кезекте 50 және одан жоғары жастағы қызметкерлерді ауыстыру, жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды оффлайн режимде өткізбей, тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу.
1-тармақтың 6-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
– оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 15-ке дейін болатын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;
– 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқытуға;
– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып - 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска режимін күшейту);
– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді;
– колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін екінші семестрден бастап штаттық оқуға рұқсат беруді, ішінде аралас оқытуға (пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға);
1-тармақтың 11-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
11) азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар (жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін) №67 ҚР БМСДҚ талаптарын сақтай отырып;
1-тармақтың 12-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
12) сауда үйлері мен орталықтары бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес (толтырылуы нысанның сыйымдылығының 30% артық емес, 1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде) №67 ҚР БМСДҚ талаптарын сақтай отырып.
М.Арыспаев,
Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері