Бүгін Батыс Қазақстан облысына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келді.
Дәл қазір «Атамекен» өнер ордасында министрдің қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының жалпы көшпелі жиыны өтіп жатыр.
Көшпелі жиын барысында өңірлік даму бағдарламаларын іске асыруда жеке жоғары оқу орындарының одан әрі интеграциялануының жай-күйі мен болашағы талқылануда.
Сонымен қатар көшпелі жиынға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов, ҚР жеке жоғары оқу орындарының ғалымдар мен ректорлары қатысып отыр.
zhaikpress.kz