Батыс Қазақстан облысында бүгін Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Өңірде 450 мыңнан астам азаматтың дауыс беруіне мүмкіндік бар. Таңғы сағат 07:00-де облыстағы барлық референдум учаскелері ашылып, өз жұмысын бастады.

Фото "Жайық Пресс" қорынан
Учаскеге алғашқылардың бірі болып келген 69 жастағы Слушаш әжей өз таңдауын жасады. Орал қаласының тұрғыны референдум күні алғашқы болып бюллетень алып, дауыс берді. Қария бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, шашу шашып, комиссия мүшелеріне ақ батасын берді.
- Бірлік әрқашан маңызды. Ел үшін өзекті істерге үлес қосуымыз керек. Сондықтан әрбір саяси науқанда өз таңдауымды жасаймын. Мемлекеттің дамуы – келешегіміз үшін қажет. Ұрпақтарымыз аман болсын, — деді әже.
Айта кетейік, өңірде 488 референдум учаскесінде 450 544 азамат дауыс беруге құқылы. 7 тамыздан бастап әр сайлаушыға сайлауға шақырту таратылды. Оған дейін барлық қоғамдық орындарда Құрылтай сайлауы өтетіні туралы хабарландырулар, баннерлар ілініп, ЛЭД-экрандарда да құлақтандырулар көрсетілді.
Облыс бойынша жарғылық қызметінде сайлауды байқау қарастырылған 22 қоғамдық бірлестік аккредиттелген. Бұл туралы БҚО аумақтық референдум комиссиясы хабарлады.
БҚО ӨКҚ