18.12.2025, 15:30
Оқылды: 84

Батыс Қазақстан облысында аудандық сот жаңа ғимаратқа көшті

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында аудандық соттың жаңа ғимараты пайдалануға берілді, - деп жазады ҚР Жоғарғы соты

2c84f81a-25cd-4fb1-aae6-b4fe220d1ba2
Салтанатты ашылу рәсіміне Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Шакир Шаяхметов пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.
Іс-шараға судьялар мен сот қызметкерлері, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ аудан тұрғындары жиналды.
Жиынға қатысушыларды айтулы оқиғамен құттықтаған Ш.Шаяхметов Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің тапсырмалары аясында сот төрелігін жүзеге асыру үшін тиісті жағдайлар жүйелі түрде жасалып жатқанын атап өтті.
Ол сот отырыстары залдары мен қызметтік кабинеттерді заманауи жабдықтармен қамтамасыз етудің, қауіпсіздік талаптарын сақтаудың, сот ісін жүргізудің ашықтығын, процестерді цифрландыруды және азаматтардың барлық санаттары үшін сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыттар Сот әкімшілігі қызметіндегі басымдықтар.
Өңір басшысы Н.Төреғалиев бұл оқиғаның маңыздылығына тоқталып, облыстың ең тығыз қоныстанған аудандарының бірі – Бәйтерек ауданының қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Ол бұған дейін аудандық соттың ескі, бейімделмеген ғимаратта орналасқанын еске сала отырып, жаңа нысанның ашылуы мемлекеттің құқықтық тәртіпті нығайтуға және жалпы сотқа деген сенімді арттыруға бағытталған нақты қадамы екенін жеткізді.
Облыстық соттың төрағасы Азат Избасаров жаңа ғимараттың сот төрелігі стандарттарына толықтай сәйкес келетінін хабарлады.

44a784f5-866b-4eb4-9b99-611b086a7b73
Салтанатты рәсімнен кейін қонақтар жалпы ауданы 770 шаршы метрді құрайтын жаңа ғимаратты аралап көрді. Онда келушілерге арналған фронт-офис, сот төрелігін жүзеге асыруға қажетті барлық жағдаймен жабдықталған сот отырыстары залдары, кеңесу бөлмелері, судьялардың кабинеттері, конференц-зал, күту залдары мен холлдар, сондай-ақ өзге де қызметтік бөлмелер бар.
Ғимарат жұмыс пен өмірлік қамтамасыз ету жүйелерімен, оның ішінде дабыл жүйесімен, телекоммуникациялық желімен, бейнебақылаумен және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз қолжетімділікпен жабдықталған.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале