30.05.2025, 9:30
Оқылды: 259

Батыс Қазақстан облысында білім беру саласы – басты басымдықтардың бірі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастарды қолдау мен олардың сапалы білім алуына жағдай жасауды басты басымдық ретінде айқындап отыр. Сол себепті, сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Осы бағытта облысымызда жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

b3039d49cf701669958ccedbb3575031_1280x720

Өңірімізде соңғы екі жыл уақыт ішінде өңірімізде 22 жаңа мектеп бой көтеріп, мыңдаған оқушыға заманауи талаптарға сай білім алу мүмкіндігі жасалды. Атап айтқанда, 2023 жылы – 16 мектеп, 2024 жылы – 6 мектеп салынып, пайдалануға берілді.

9cb5a0d6e0fe8df576dd5a0cbdef3ce0_1280x720

Сонымен қатар, 24 мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, 2,7 миллиард теңгеге 230 заманауи пәндік кабинет сатып алынды.

Биыл өңірімізде бой көтеретін 15 жаңа мектептің 8-нің құрылысы қазіргі уақытта жүргізілуде, қалған 7-еуі алдағы уақытта салынатын болады.
Бұл бастама – үш ауысымды оқыту мен мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған маңызды қадам.

 

Соңғы 2 жылда мектептерде материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға 814 миллион теңгеге 101 мектепке жиһаз және 2,7 миллиард теңгеге 54 мектеп автобусы сатып алынды, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 480 миллион теңге қаражат бөлінді.

152994ccf8ad9120f52c52940378d202_1280x720

Білім беру саласына жасалып жатқан бұл инвестициялар – болашаққа салынған берік негіз. Жас ұрпақтың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті азамат болып өсуі үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале