Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 44 адам тіркелді.
35 пациенттен өздеріне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны үшін зертханалық сынама алынған. 9 адамнан профилактикалық мақсатта сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығында да COVID-19 диагнозы нақтыланып, инфекциялық стационарға орналастырылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
31.05.2020 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 665 адам тіркелді.
zhaikpress.kz