5.11.2025, 15:30
Оқылды: 185

Батыс Қазақстан облысында сарып (бруцеллез) індеті бойынша эпидемиологиялық жағдай

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы аймағында сарып (бруцеллез) індетінің 24 жағдайы тіркеліп отыр. Бұл көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда – 2,9-ды құрайды.

мамандар галереясы мал шаруа (14)

Сурет сайт архивінен

2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 жағдайға азайған (2024 жылы – 30 жағдай).

Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде аурудың 17 жағдайы жеке мал шаруашылығындағы жұмыстар кезінде — малды күту, төлдету және сою барысында жұқтырылғаны анықталды.

Сарып – жануарлардан адамға жұғатын қауіпті жұқпалы ауру. Көбіне сиыр, қой, ешкі, түйе, шошқа сияқты малдардан жұғады.

Сарыптың негізгі белгілері: дене қызуының көтерілуі, буын мен бұлшық еттің ауыруы, әлсіздік, тершеңдік.

Алдын алу шаралары:

  1. Мал өнімдерін (сүт, ет) жақсылап пісіріп, қайнатып пайдаланыңыз.
  2. Шикі сүт пен одан жасалған тағамдарды ішпеңіз.
  3. Мал туған кезде, сүт сауғанда немесе ет өңдегенде қолғап киіңіз.
  4. Мал дәрігерлік тексеруден өтіп тұруы тиіс.
  5. Ауру малды бөлек ұстаңыз, оның өнімін пайдалануға болмайды.
  6. Қолды жиі және сабындап жуыңыз.

Белгілер байқалса – дәрігерге жүгініңіз, өз бетіңізше емделмеңіз.

 

Динара Жанабергенова,

Батыс Қазақстан облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

 бақылау департаменті басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале