5.03.2024, 12:45
Оқылды: 36

Батыс Қазақстан облысында су басу қаупі аса жоғары

Қазақстанның жазық өзендерінде көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеу деректеріне сәйкес жасалды. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

9886d0ab982e4e9076175749533b4d2a_1280x720

Фото: www.gov.kz

1 наурыздағы ақпарат бойынша «Қазгидромет» РМК өңделген «NASA» спутниктерінің ЖҚЗ (Жерді қашықтықтан зондтау) суреттері бойынша Қазақстанның қар жабылған аумағы - 72%.

Жауын-шашынның мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткішін, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзендердің мұз режимдерін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын ала баға берілді.

Су басу қаупі жоғары өңірлер қатарында Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облысы бар.

Ал  Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Ұлытау облысы су басу қаупі орта аймақтар арасында.

Су басу қаупінің ең төмен көрсеткіші Маңғыстау облысында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале