27.03.2024, 21:30
Оқылды: 106

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыс жалғасып жатыр 

Қазіргі уақытта су тасқынының алдын алу жұмысына ТЖД және ЖАО-дан 659 адам, 208 бірлік техника және 123 бірлік мотопомпа тартылған, деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

ЧС ЗКО 2024

Облыс бойынша 25 наурыздан 214 мың текше метр қар суы сорылып, 2065 қапқа инертті материал салынған.

Қардың қарқынды еруі және жауын-шашынның нәтижесінде, сондай-ақ, кәріздегі ағынды сумен барлығы 160 тұрғын үйге, 5 көпқабатты тұрғын үйдің, 17 әлеуметтік нысанның жертөлесіне су кірген.

ЧС ЗКО 2024

Екі ауылда 349 адам көшірілген болатын.

Теректі ауданы Аңқаты ауылында жауын-шашынның мол түсуі және дала аймағында еріген қардың суы 16 тұрғын үйге кіріп, 8 аула аумағын су басты. 68 тұрғын мектеп-интернат ғимаратына көшірілді.

ЧС ЗКО 2024

Сонымен қатар Қаратөбе ауданы Қоржын ауылында қардың қарқынды еруі және  жауын-шашынның салдарынан Жақсыбай өзенінің сағасы көтеріліп, 80 жеке тұрғын үй су астында қалды. 281 адам Қоржын ауылының мектебіне көшірілді.

Қазіргі уақытта Оралда төтенше жағдай жарияланды.

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале