6.10.2024, 10:49
Оқылды: 92

Батыс Қазақстан облысындағы референдум учаскелерінде кезек пайда болды

БҚО-да тұрғындар таңнан бастап референдум учаскелерінде дауыс беруге кезекке тұрды. Облыс тұрғындары арасында жастар да, зейнеткерлер бар ертемен белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетіп жатыр.

WhatsApp Image 2024-10-06 at 09.50.14

Біреулері отбасымен бірге дауыс беруге келсе, кейбірі үйдегі шаруаларын ысырып қойып ел ертеңі үшін таңдау жасауға асығып келіпті.

Батысқазақстандықтар ел өміріне қатысу – әрбір азаматтың парызы деп есептейді. ОСК деректері бойынша БҚО-да сағат 10: 00-де келу 16,43%-ды құрады. Дегенмен, референдумнің өтуі барысы туралы ақпараттар сағат сайын өзгеріп жатыр.

Таңертең ертемен дауыс беруге негізінен жұмыс істейтін адамдар дауыс беруге келсе, түске жақын жексенбі күні демалып жатқан тұрғындар келуде. Азаматтардың көптігіне байланысты кейбір учаскелерде кезектер пайда болды.

Алайда учаскелік комиссия мүшелері референдум тәртібіне сай, дауыс берушілерді жеке-жеке көңіл бөлуде.

– Иә, бүгін референдумда кезек күтуге тура келді. Өз таңдауын жасауға, ел болашағына алағдаған тұрғындар қарасы қалың. Мен де ел Президентінің бастамасы, еліміздің жарқын болашағы үшін өз даусымды бердім, - дейді қала тұрғыны Орынбасар Кенешев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале