9.03.2022, 15:45
Оқылды: 97

Батыс Қазақстан облысындағы жекешелендіру барысы туралы

«Бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі - мемлекет қатысатын нарық субъектілерінің үлесін қысқарту және мемлекеттің экономикалық активтерін басқару тиімділігін арттыру болып айқындалсын»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №484 «Бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы» Жарлығынан

 Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде облыс бойынша бәсекелес ортаға беруге жататын 34 коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі бекітілді.

zhek-e1618914958849

Оның ішінде жылдар бойынша:

2021 жылы – 18 объект; 2022 жылы - 10 объект; 2023 жылы – 4 және 2024 жылы – 2 объект.

Объектілердің жалпы санынан 13 кәсіпорынды аудандық коммуналдық шаруашылықтар, 13 объектті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту саласындағы кондоминиум объектілеріне жөндеу жүргізуді қамтамасыз ететін ЖШС құрайды.

 

Сондай-ақ табиғи монополиялардың 3 ірі субъектісі («Батыс Қазақстан электр желілік тарату компаниясы» АҚ, «Жайықжылуқуат» АҚ, «Батыс Су Арнасы» ЖШС) жекешелендіруге жатады.

2021 жылы «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС 3 жылға кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. Қойылған шарттар орындалғаннан кейін  объект нарықтық құны бойынша сатып алынатын болады.

«БҚО Казталов ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Жалпақтал мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны» және «Атамекен Жайық» Микроқаржы ұйымы» ЖШС таратылды.

Үш сауда қорытындысы бойынша қатысушылардың болмауына байланысты көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектілерін жөндеумен айналысатын аудандардың 11 ЖШС бойынша конкурстар өтпеді деп танылды.

Дәл осындай себептерге байланысты аудандардың 4 коммуналдық шаруашылық бойынша сауда-саттық өтпеді.

Өз кезегінде тұрғын үйлердің кондоминиум объектілерін жөндеумен айналысатын ЖШС қызметін сақтау және аудандардағы көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді қамтамасыз ету мақсатында, оларды аталған жұмысты жалпы облыс бойынша жүзеге асыратын «Орал Құрылыс Жөндеу Сервис» ЖШС-не біріктіру жөнінде шешім қабылданды.

Ағымдағы жылы бәсекелес ортаға беруге «Жайықжылуқуат» АҚ, 7 аудандық коммуналдық шаруашылық және тұрғын үйлерді жөндеуді қамтамасыз ететін Бөрлі ауданы әкімдінің «Ақсайжаңғырту» ЖШС жатады.

Бүгінгі күні олар бойынша сату алдындағы іс-шаралар жүргізілуде.

Объектілердің сатушылары олардың орналасқан жеріне байланысты Орал қаласы және аудандардың жергілікті атқарушы органдары болып табылады.

Жекешелендіру процесінің ашықтығы

Жекешелендіру объектілердің сауда-саттығын бірыңғай электрондық сауда алаңы – Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында өткізу арқылы қамтамасыз етіледі.

Бірыңғай электрондық сауда алаңы сатушылар мен сатып алушылар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша әрекет етеді және қолда бар келесі өзекті мәліметтерді қамтиды:

- жекешелендіру объектілері туралы (сауда-саттықтың бағасы, түрі және мерзімі);

- электрондық сауда-саттықта мүлікті сату бойынша инфографика, (әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар мен сатушының қадамдық әрекеттері);

- сауда-саттық регламенті.

Өз кезегінде, сауда-саттық регламенті ҚР Үкіметінің 09.08.2011 №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына және ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.01.2015 жылғы №17 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссиялардың құрамына сатушының, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер мәслихаттарының депутаттары және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері қатысады.

Порталда барлық сауда-саттықтар онлайн-режимде өтеді, жеңімпаз сауда-саттық қорытындылары бойынша бірден анықталады.

Тендерге, қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар қатыса алады.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес қызметтiң жүзеге асырылуы объектiнi сауда-саттықтарда сатудың шарты болып табылатын түрлерiмен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлғалар сауда-саттықтың қатысушысы ретінде тіркелуге жатпайды.

Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының сайтында бекітілген жекешелендіру объектілері және оларды өткізу мерзімдері туралы ақпарат бар.

Сұрақтар бойынша Орал қаласы және аудан әкімдіктеріне, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының 8-7112-50-55-45, 50-94-23 телефондарына хабарласуға болады.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале