6.01.2023, 11:15
Оқылды: 63

Батыс Қазақстан облысының бірқатар аудандық және оған теңестірілген соттарында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды

Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің басшысы М.Кенжалиев  соттардағы өзекті мәселелерді анықтау мақсатында барлық аудандық және оған теңестірілген соттардың ғимараттарында тексеру жұмыстарын жүргізуді шешті. Тексеріс барысында, көптеген соттардың ғимараттарына жөндеу жұмыстары қажет екені анықталды. Осыған байланысты ғимараттарды жөндеу бойынша жұмыс жоспары әзірленді. Өткен жылдың 5 айы ішінде Батыс Қазақстан облысының бірқатар соттарында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

4

Батыс Қазақстан облыстық сотында  әкімшілік ғимаратының қасбеті  жаңартылып, бірінші қабаттың әжетханасында  мүгедектерге арналған тұтқасы бар құрылғы орнатылды. Жертөледе, конвойлық үй-жайларында қабырғалар мен төбелер ылғалдан тазартылып, барлық қабаттардағы әжетханаларда  су жылытуға арналған қазандықтармен және қолды кептіруге арналған құрылғымен жабдықталып, қабырғалар боялды. Сондай-ақ аумақты абаттандыру, көлік тұрағы мен пандусқа арналған қоршауды белгілеу, металл қоршау мен тіректерді сырлау жұмыстары да жүргізілді.

Орал қаласының №2 сотында циркуляциялық сорғыны демонтаждау және орнату, лифт блогындағы өшіру клапандарын ауыстыру, бетон төсемдерін демонтаждау, көтергіштер мен жылу сымдарын ауыстыру, бетон перде орнату бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қабырғалар мен төбелердің ішкі беттерін әрлеу және сырлау жұмыстары жүргізілді, еден төсеніштері жартылай ауыстырылды. Жылыту қазандығын ауыстыру жұмыстары да жүргізілді.

Орал қалалық сотында ғимараттың төбесі жартылай жөнделді, профильді қаңылтыр ауыстырылды, шатырдың ағаштары сырланды, карниз профильді қаңылтырмен қапталды, қабырғалар мен төбелер де өңделді және ғимараттың проблемалық аймақтары сырланды, холлдағы керме төбесі ауыстырылды, кіреберіс жөнделді. Сонымен қатар, мамандандырылған тергеу соты ғимаратының кеңселерінде қабырғалар мен төбелерді өңдеу және сырлау жұмыстары жүргізілді.

Сырым аудандық сотында төбені ішінара жөндеу, профильді қаңылтырларды ауыстыру, шатырға шығатын өрт баспалдағын орнату, терезелер мен терезе блоктарын орнату бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді. 32 данадан, пластикалық терезе төсеніштерін орнату, терезе беткейлерін өңдеу және жылтырату жұмыстары жүргізілді.

Жаңақала аудандық сотында  әжетхананы  жөндеу, полиэтилен құбырларын ауыстыру, кәріздік септик орнату, раковина орнату, мүгедектерге арналған пандус орнату жұмыстары жүргізілді.

Жәнібек аудандық сотында әкімшілік ғимараттың шатырын қалпына келтіру, қазандықты жөндеу, еден мен қабырғаларға плиткалар орнату, залдың және қазандықтың қабырғалары мен төбелерін әрлек жұмыстары, желдетілетін қасбетті, есік блоктарын орнатумен қатар, әжетхана ретінде  арнайы бөлме жабдықталып, оған жаңа қол жуғыштар орнатылды. Монолитті кіре беріс жөнделді.

5

Казталов аудандық №2 сотында кеңсе меңгерушісінің кабинетінің  қабырғаларын қаптау, еденді ленолиуммен ауыстыру, армстронг төбесін орнату, қабырғалар мен төбелерді өңдеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Ғимараттың барлық аумағында электр сымдары орнатылып, бөлшектелді және автоматты машинаға қалқан орнатылды, қосқыш қорапты орнату, ішкі құлыптарды орнату.

Бөкейорда аудандық сотында профильдік құбырға прожектор орнатылып, жерге тұйықтағыш кіретін қалқан, релелік таймер, автоматты ажыратқыш орнатылды.

Бәйтерек аудандық сотында ғимарат ішіндегі электр сымдары орнатылды. 14 аудандық соттағы аудио-бейнефиксаторлар ауыстырылды.

6

Сот қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың үйлесімді және кәсіби жұмысының арқасында жоспарланған барлық ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.
Қазіргі таңда Бөкейорда аудандық сотының бір қабатты ғимаратын салуға Батыс Қазақстан облысы әкімдігінен 2023 жылға 182 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, Қазталов ауданында жаңа сот ғимаратының құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале