«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес ротациялау тәртібінде Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының лауазымына Имашев Дулат Бауыржанұлы тағайындалды.
Имашев Дулат Бауыржанұлы 1978 жылы туған. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
– Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы әзірлеу, талдау және жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау жинақтаушы бөлімінің жетекші, бас экономисті;
– Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаменті әкімшілік бөлімінің, Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру бөлімінің басшысы;
– Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары;
– Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары;
– Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс жасады.
2018 жылдан Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысы қызметін атқарды.