5.11.2025, 9:30
Оқылды: 50

Батыс Қазақстанда 16 мыңға жуық адам ЖРВИ-мен сырқаттанды

Батыс Қазақстан облысында жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмаумен сырқаттанушылыққа байланысты жаңа 2025-2026 жылғы эпидемиологиялық маусым биылғы 1 қазаннан басталды, - деп жазады Kazinform.

Close up of Doctor hands preparing the syringe and vial, for vaccination, on black isolated background.

Фото: istockphoto.com

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың мәлім еткеніндей, содан бері бір айдан астам уақыт ішінде 15 973 адамның ЖРВИ-мен ауырғаны тіркелді. Соның 8 245-і – 14 жасқа дейінгі балалар.

Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар Орал қаласында бір адамның тұмауға (А/(H3N2) типті вирусы) шалдыққаны анықталды.

- Эпидемиологиялық және зертханалық мәліметтерді ескере отырып, 2025-2026 жылғы эпидемиялық маусымға орай Ресей Федерациясында өндірілген тұмауға қарсы «Гриппол+» вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынып, толығымен жасалды. Тұмауға қарсы егу амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін барлық медициналық мекемеде 25 қыркүйектен басталған болатын. Алдымен тәуекел тобына жататын адамдар екпе алды. Биыл тұмауға қарсы ақылы түрде вакцинация жүргізілген жоқ, - деді Н.Мұстаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 49 мыңға жуық адамның тұмауға қарсы екпе алғанын жазған едік.

Сондай-ақ дәрігер балаларды вакцинациядан дер кезінде өткізудің маңызы зор екендігін айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале