3.07.2024, 15:00
Оқылды: 237

БҚО-да екі жасар баланы жылқы теуіп өлтірді

Батыс Қазақстан облысында 2 жасар ұл баланы жылқы теуіп өлтірді. Бәйтерек ауданы Щапов ауылы тұрғындарының сөзіне қарағанда, жазатайым оқиға 30 маусым күні түс ауа болған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі жазды.

Жедел жәрдем ЖП

Үйінің есігінің алдында жүрген баланы жылқы тепкен. Оқиғаны көрші әйел көрген. Баланы ата-анасы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізгенмен, алып қала алмаған.

Марқұм кеше жерленді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Щапов ауылдық округінің әкімі Біржан Нұрбайыров пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Төребек Маратов оқиғаның болғанын растады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале