19.08.2022, 10:30
Оқылды: 51

Батыс Қазақстанда 4 700 тонна азық-түлік қоры бар

Батыс Қазақстан облысында 994,9 млн теңгені құрайтын 4 708 тонна азық-түлік қоры бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Денис Омашевтің мәлім еткеніндей, соның ішінде картоп – 1 600 тонна, сүт – 675 тонна, сәбіз – 500 тонна, қант – 490 тонна.

Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру үшін «айналым схемасы» тетігі аясында жергілікті бюджеттен 1 762,1 млн теңге және тұрақтандыру қорын қалыптастыруға 500 млн теңге бөлінді.

Осы қаражат есебінен 8 690 тонна азық-түлік өнімін белгіленген баға бойынша сатуға кәсіпкерлік нысандарына 1 800,5 млн теңге несие берілді.

Қазіргі уақытта қосымша 1 935 тонна азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға кәсіпкерлік нысандарына 885 млн теңге несие беру көзделуде.

Бағаның күрт өсуі жағдайында жедел ықпал ету үшін бос қаражат қалдығы 282,2 млн теңгені құрамақ.

Д.Омашевтің сөзіне қарағанда, өңірде бағаны тұрақтандыру мақсатында жиналатын өнімнің 15 пайызын нарықтағыдан 15 пайызға төмен бағамен сату үшін облыстың 127 шаруашылығымен меморандум жасалды. Соның нәтижесінде астық, күнбағыс, картоп, ет, көкөніс өнімдері және тауық жұмыртқасының 4 605,5 млн теңгеге резервтік қоры қалыптаспақ.

Аталған іс-шаралар «айналым схемасына» бөлінген қаржыны қоса алғанда, облыс көлемінде жалпы сомасы 6 870,6 млн теңгенің өнімдеріне бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ұн мен нан бағасын тұрақтандыру мақсатында наурыз-тамыз айларында «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-дан меморандум аясында (1 тоннасына 90 мың теңгеден) 15,9 мың тонна бидайды облыстың ұн тарту кәсіпорындары («Белес-Агро» ЖШС, «Желаев АӨК» АҚ) толығымен сатып алды.

Арзандатылған бидайдан облыстың наубайханаларына бірінші сұрыпты ұн килосына 135 теңгеден жеткізіліп, бір бөлке нан 90 теңгеден сатылуда. Ауыл шаруашылығы құрылымдарына өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендету мақсатында 1 тонна кебектің бағасы 50 мың теңгеден босатылуда.

«Картоп пен көкөніс өнімдеріне тапшылықты жою және облыс халқының қажеттілігін толық қамтамасыз ету мақсатында 2022-2025 жылдарға арналған «Жасыл белдеу» тұжырымдамасы жасақталды. Соның аясында 2025 жылға дейін өңірде картоп алқабы – 708 га, пияз – 255 га, сәбіз – 725 га және қырыққабат 465 гектарға (барлығы 2 153 га) қосымша ұлғаяды. Биыл 60,5 мың тонна картоп, 5,2 мың тонна сәбіз, 5,7 мың тонна пияз және 6,2 мың тонна қырыққабат өнімін жинау жоспарлануда. Бұл тұрғындарды картоппен 91, сәбізбен 64, пиязбен 81, қырыққабатпен 61 пайыз қамтуға мүмкіндік береді. Қалған өнім көлемін республиканың оңтүстік өңірлерінен жеткізу ойластырылуда», деді Д.Омашев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы өсіп кетіп отырғанын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале