20.03.2022, 11:20
Оқылды: 141

Батыс Қазақстанда 40 тонналық жүк көлігі жолдан түсіп кетті

Батыс Қазақстан облысында 40 тонналық жүк көлігі жолдан түсіп кетті.

220320015823072e

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 19 наурыз күні республикалық маңызы бар Самара-Шымкент жолының 523-524 шақырымында болды.

Ауыр жүк (40 тонна) көлігінің жолдан түсіп кеткені жөніндегі хабар келген бойда оқиға орнына Шыңғырлау, Сырым ауданы ТЖ қызметкерлері жедел жетті. Олар аудан әкімдігінің көмегімен жүк көлігін тасжолға шығарды.

Көлік иесі Алматы облысынан Ресейдің Орынбор өңіріне бара жатқан болып шықты. Ол көмек қолын созғандарға шынайы алғысын жеткізді.

2203200200186950f

Сол секілді Сырым ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері Самара-Шымкент жолының 463-шақырымында жол жанындағы қалың қарға түсіп кеткен жылқыны да шығарып жіберді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда бір күнде екі көліктің өртенгенін жазған болатынбыз.

ТЖ департаменті мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері жиырмадай автокөлік отқа оранды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале