30.12.2021, 17:45
Оқылды: 24

Батыс Қазақстанда 5 100-ден астам адам Pfizer вакцинасымен егілді

Батыс Қазақстан облысында 5 140 адам Pfizer вакцинасымен егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соның 154-і – жүкті, 2108-і – бала емізетін әйел, 2 878-і – жасөспірім. Облыста сондай-ақ 14 352 адам ревакцинациядан өтті.

Өңірде 414 389 адам егілуі тиіс болса, соның 255 399-ы (61,5 пайызы) вакцинаның бірінші, 242 382-сі (58,4 пайызы) екінші компонентін қабылдады.

Қазіргі кезде 86 988 доза І, 114 274 доза ІІ компонент бар.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, пандемия басталғаннан бері 40 058 адам коронавирус жұқтырса, соның 25 906-сында ауру белгісі болса, 14 152-сі – симптомы жоқтар.

Ауырғандардың 38 823-і жазылып шықса, 847-сі қайтыс болды.

Биыл 30 837 адамнан індет табылды. Соңғы аптада ауру жұқтыру көрсеткіші алдыңғымен салыстырғанда, 1,6 пайызға (11 науқасқа) төмендеді.

Күні бүгін 286 адам дәрігерлердің бақылауымен амбулаторлық ем қабылдауда. Емханалар жанындағы 132 мобильді бригада тәулігіне 700-ден астам шақыртуға барады.

Облыста 504 төсектік 9 инфекциялық стационарда 51 науқас қабылдауда. Олардың бәрі де Орал қаласындағы ауруханаларда жатыр. Соның ішінде жетеуі жансақтау бөлімшелерінде.

Жыл басынан бері 683 адам коронавирустан көз жұмса, соның тең жартысынан астамы жаз айларында қайтыс болды. Атап айтқанда, қаңтарда – 28, ақпанда – 15, наурызда – 30, сәуірде – 41, мамырда – 57, маусымда – 60, шілдеде – 144, тамызда – 139, қыркүйекте – 90, қазанда – 46, қарашада – 19, желтоқсанда 14 науқас дүниеден өтті.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале