12.01.2022, 15:20
Оқылды: 52

Батыс Қазақстанда 6 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды

Батыс Қазақстан облысында 5935 адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соладың 204-і – жүкті, 2584-і – сәби емізетін әйелдер, 3147-сі – жасөспірімдер.

Осы кезге дейін коронавирусқа қарсы 257 378 адам бірінші компонентті қабылдады. Бұл – облыс бойынша егілуге тиісті тұрғындардың 62,1 пайызы. Сондай-ақ 244 340-ы (58,9 пайызы) екіншісін де алды.

Сондай-ақ 20 901 адамм ревакцинациядан өтті.

Қазіргі уақытта өңірде вакцина қоры жеткілікті, 78 021 доза бірінші, 111 960 доза екінші компонент бар.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, соңғы күндері індеттің өрши түскені байқалады. Тек бір тәулікте 79 адамнан коронавирус анықталды. Кеше 57 науқас жазылып шықты.

Пандемия басталғаннан бері тіркелген 40 328 науқастың 26 022-сі – ауру белгісі бар адамдар.

Жыл басынан бері 258 адам сырқаттанса, соның 12-сі балалар.

Күні бүгін 8 инфекциялық стационарда 55 науқас емделіп жатса, соның алтауы ауыр халде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале