Батыс Қазақстан облысында 63 654 адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, күні бүгін Pfizer компаниясының вацинасымен 10 491 адам егілді. Соның 5 442-сі жасөспірімдер болса, 386-сы – жүкті, 4 657-сі– бала емізетін әйелдер, алтауы – мүгедектер. Осы кезге дейін 272 261 адам бірінші компонентті салдырды, бұл – жалпы жоспардың 65,7 пайызы. Сондай-ақ 259 674-і (62,7 пайызы) екінші екпеден өтті.
Қазіргі кезде облыста 61 953 доза І, 115 704 доза ІІ компонент бар. Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, пандемия басталғаннан бері 49 599, соның ішінде биыл 9 529 адам коронавирус жұқтырды. Соңғы тәулікте 10 адамнан індет табылды. Жыл басынан бері 42 адам коронавирустан көз жұмды. Соңғы кезде стационарда жатқан науқастар саны азайды. 751 төсектік 14 инфекциялық стационарда 33 науқас қалды, ауруханалар 4,4 пайызға толған. Ауыр халдегі 10 науқастың үшеуі инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына, жетеуі инвазивті емес осындай құрылғыға қосылған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 272 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы егілгенін жазған болатынбыз.