25.08.2023, 16:15
Оқылды: 51

Батыс Қазақстанда сегіз құқық бұзушылық жасаған жүргізуші құрықталды

Батыс Қазақстанда сегіз құқық бұзушылық жасаған жүргізуші құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 23 тамызда сағат 22:16 кезінде БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қызмет атқару кезінде мемлекеттік нөмірсіз жүріп бара жатқан ГАЗель көлігін байқап, тоқтатты.

ЖП Полиция (2)

Көлік жүргізушісі көлікті басқару кезінде полиция қызметкерлеріне ерекше күдік тудырды. Алайда тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбаған көлік жүргізушісі көлігін тоқтатпастан, Көшім ауылына кіріп кеткен.

Полиция қызметкерлері аталған көліктің артына ере отырып, көліктің газ құбырына келіп соқтығысуының куәгері болды.

Тексеру кезінде көлік жүргізушісінің Ақтөбе облысының 27 жастағы тумасы екені анықталды. Сондай-ақ оның құжаттарын тексеру кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Сонымен ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2,5 бөлігімен, ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігімен, ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігімен, ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі бойынша, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігімен, ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлігі бойынша, ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігі бойынша, жалпы 8 әкімшілік хаттама толтырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале