Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың өңірдегі тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы БҚО филиалының мәліметі бойынша бүгін жергілікті сағат 14.30-дан бастап Орал-Саратов (4-104 км, Оралдан РФ шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Жабылу себебі – күшті боран, жолдың дұрыс көрінбеуі. Бұл туралы БҚО ТЖ департаменті хабарлап, ескерту жарияланғанын жеткізді.
Кеше өңірде 14 қаңтар күні боран мен көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 23-28 метрге, облыстың солтүстік бөлігінде 30 метрге жетуі ықтимал екендігі хабарланған болатын.
5.09.2023, 16:45
15.12.2022, 15:44
13.12.2022, 11:46