13.04.2022, 8:38
Оқылды: 182

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі төнген ауылдан тұрғындар көшірілді

Бәйтерек ауданында су басу қаупі төнген Чинарев ауылынан тұрғындар көшірілді.

IMG-20220413-WA0003

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 13 сәуір күнгі сағат 04.00-дегі жағдай бойынша ауылды су қоршап тұр. Үйлерді су басқан жоқ.
Аталған ауылда 223 тұрғын тіркелгенімен, 150 адам тұрақты тұрады.
ТЖ күштерімен Чинаревтан Январцев ауылындағы мәдениет үйіне 20 адам эвакуацияланса, соның төртеуі – балалар. 11 адам Кунг автомобилінде болса, соның 9-ы – жасы ұлғайған адамдар, екеуі – балалар.
Қалған 119 тұрғын өз беттерімен туыстарының үйіне орналасты. Ауылда эвакуациядан бас тартқан 4 ер адам ғана қалды.

InShot_20220413_081733801

Департамент мәліметіне қарағанда, ауыл ішінде ұзындығы 50 метр дамбаны бекіту жұмыстары жүргізілді. 250 бас мал қауіпсіз жерге шығарылды.

«Үш бақылау бекеті орнатылып, үш учаскеде 215 метрге құм салынған 1185 қап қойылды. БҚО полиция департаменті күшімен қоғамдық тәртіп күзетілуде. Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстарына барлығы 128 адам (37 техника, 3 қайық, 8 мотопомпа) жұмылдырылды», деп хабарлады ведомстводан.

InShot_20220413_081722079
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-мен шектесетін Ресей ауылында су бөгеті бұзылғанын жазған болатынбыз. Ресейдің Орынбор облысы бойынша ТЖ министрлігі бас басқармасы дағдарыс жағдайында басқару орталығының мәліметі бойынша аталмыш бөгетті қалпына келтіру жұмыстары шамамен 13 сәуір күні сағат 10.00-де басталмақшы.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале