10.12.2020, 14:48
Оқылды: 34

Батыс Қазақстанда «Toyota Camry» КамАЗ-бен соқтығысып, үш адам қаза тапты

БҚО-да «Toyota Camry» «КамАЗ» жүк көлігімен соқтығысып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Батыс Қазақстан облысындағы тілшісі.

3A14C0FE-544B-410E-ACE1-245FA197CE0E

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Шыңғырлау ауданы аумағында болды. Шамамен сағат 09.30-да Самара-Шымкент жолында 27 жастағы жүргізуші жеңіл көлігімен қарсы жолаққа шығып кеткен. Сөйтіп 28 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «КамАЗ» автокөлігімен түйісуге жол берген. Соның салдарынан жеңіл көлікте отырған екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы біреуі көршілес Ақтөбе облысы Қобда аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

03A68459-B6DD-4397-9C76-A5ACE0360AA6

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале