БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, бұл жөнінде «БРК-Лизинг» АҚ-мен келісімшарт жасалған. Соның ішінде 20 автокөлік қараша айында, қалғаны жыл соңына дейін әкелінбекші. Оған қоса тағы 20 автокөлікті 2021 жылы жеткізу жөнінде келіссөз жүргізілуде.
Күні бүгін жедел жәрдем стансасында 63 автокөлік бар. Тәулігіне 700-дей шақырту түседі. Індет кезінде тұрғындарға жедел медициналық көмек көрсету мақсатында облыс емханаларында 123 мобильді бригада құрылған болатын. Олар коронавирус пен пневмонияға шалдыққан және жазылып шыққандарды, созылмалы ауруы бар адамдарды, сондай-ақ жүкті әйелдер мен балаларды бақылайды.
Бригадалар қазір де жұмыс жасауда. Мобильді топтар жұмысына 144 дәрігер мен медбике, 98 автокөлік тартылған. Дегенмен қосымша тағы 38 маман керек. Облыста 333 төсектік 6 жұқпалы аурулар стационарында 34 адам емделуде.
Ал 175 төсектік 5 карантиндік стационарда 54 адам, 4 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Емделушілер саны көбейген жағдайда 1369 төсек әзір тұр.
inform.kz