23.10.2023, 15:45
Оқылды: 31

Батыс Қазақстаннан үш спортшы Пара Азия ойындарына қатысып жатыр

Қытайдың Ханчжоу қаласындағы «Үлкен Лотос» олимпиада стадионында IV Азия Пара ойындары басталған болатын.

ca36d4b4-8827-4258-be18-2ea6a0982e1c

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубтың директоры Әскербек Нұрмұхановтың хабарлауынша, намысты додада үш батысқазақстандық спортшы бақ сынап жатыр.

Елді елең еткізген жарысқа бөрлілік Марьям Сәлімгереева кетті. Ол биыл мамырда Астанада паратаеквондодан өткен ҚР-ның VI паралимпиада ойындарының және Ливанның астанасы Бейрутте өткен пара таеквондодан Азия чемпионатының жеңімпазы атанған еді. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Еліміздің Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ербол Мергалиевтің жетекшілігмен жаттығып келеді. Ханчжоуда 65 келі салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Азия ойындарына қатысушылар арасында парадзюдошылар Талғат Әжіғалиев пен Рустам Мәмбеткулов бар.

d6353abf-f767-4fca-a7bb-4129c07eaec4

Талғат Әжіғалиев 2018 жылдан бастап Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубында жаттығады.

Ол да биыл Астанада өткен пара Азия чемпионатының командалық сайысының жеңімпазы атанған. 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен VI параспартакиаданың чемпионы. ҚР чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Қазақстан Республикасының спорт шебері. Дзюдоны Тасқала ауданының Амангелді ауылында жаттықтырушы Бектас Бақтыгереевтен үйреніп бастаған. Қазіргі кезде тәжірибелі жаттықтырушылар Теміржан Хасанғалиев және Арман Байеновтен тәлім алып жүр. Қазақстан Республикасының бас бапкері Жандос Қияновтың шақыртуымен Ұлттық құрама сапына алынған.

Ал бөрлілік Рустам Мәмбеткулов биыл мамырда Ақтөбе қаласында өткен пара дзюдодан ҚР-ның VI паралимпиадалық ойындарының қола жүлдесінің иесі. Қыркүйекте Бакуде өткен әлемдік Гран-При жарысына қатысып келді. Азия ойындарында 60 келі салмақта татамиге шығады. Рустам Бөрлі аудандық Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо бөлімінің жаттықтырушысы - Қасым Қаженовтің шәкірті.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале