9.04.2023, 17:53
Оқылды: 62

Батыс өңірінің ұландықтары республикалық чемпионатта жеңіске жетті

Шымкент қаласында Қажымұқан атындағы стадион базасында ұландықтар арасында жекпе-жек ұрыстан үш күнге созылған республикалық чемпионат өтті. Ұйымдастыру жұмыстарының басым бөлігін ҚР Ұлттық ұланның «Оңтүстік» ӨңҚ  6506 әскери бөлімі атқарды, - деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2023-04-09 at 14.22.39

WhatsApp Image 2023-04-09 at 14.22.43 (1)

Іс-шара 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан 17 Ішкі әскер жауынгерін еске алу күніне арналды. Іс-шараның басты мақсаты әскери қызметшілер арасында әскери-қолданбалы спорт түрі ретінде жекпе-жек ұрысты және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

WhatsApp Image 2023-04-09 at 14.22.39 (1)

WhatsApp Image 2023-04-09 at 14.22.40

Спорттық іс-шараның ашылуы салтанатты жағдайда өтті. Спортшыларды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Альберт Маткаримов және жарыстың бас төрешісі полковник Сатжан Әбішев, сондай-ақ бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионаттарының үш дүркін жүлдегері Абылайхан Жүсіпов қарсы алды. Олар барлық спортшыларға сәттілік, төзімділік пен шыдамдылыққа негізделген адал жеңіс тіледі.

WhatsApp Image 2023-04-09 at 14.22.43

WhatsApp Image 2023-04-09 at 14.22.42 (1)

- Бұл жарыстарда барлық командалар өздерінің үздік спортшыларын көрсетті. Олардың ішінде Ұлттық ұланның құрама командасына іріктеу үшін ең мықтылары анықталды. Сондай-ақ, аталған іс-шара барысында жоғары ауқымдағы жарысқа қатысу үшін үздік спортшыларды таңдалады. Яғни, үздік шыққандары Қазақстан Кубогы мен Қазақстан чемпионатына қатысады, - деді жарыстың бас төрешісі Сатжан Әбішев.

WhatsApp Image 2023-04-09 at 14.22.45

WhatsApp Image 2023-04-09 at 14.22.42

Спорттық шайқастардың қорытындысы бойынша бірінші жалпы командалық орынды - "Батыс" ӨңҚ командасы, екінші орынды - Ұлттық ұлан академиясының командасы жеңіп алды, турнирдің қола жүлдегерлері – "Оңтүстік"ӨңҚ командасы болды. Жарыс жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Әсіресе, бірінші орындар үшін болған сайыстар тартысқа толы болды. Сәйкесінше спорт кешенінің залына жиылған жанкүйерлер де көп болды. Сондықтан болар финалға жеткендердің әрқайсысы керемет жекпе-жек көрсетуге ұмтылды.

WhatsApp Image 2023-04-09 at 14.22.40 (1)

Жарыс қорытындысы бойынша турнир жеңімпаздары - ҚР Ұлттық ұланының "Батыс" ӨңҚ құрама командасы сегіз медаль жеңіп алды. Оның ішінде екі алтын, үш күміс және үш қола медаль бар.

- Ұлттық ұлан қатарында қызмет ету – бала кезімнен бергі арманым. Менің жеңісім, ең алдымен, жақсы дайындықтың нәтижесі деп білемін. Ол үшін мен патриотизм рухында тәлім-тәрбие бергені үшін бөлімнің қолбасшылығына ризашылық білдіремін. Сондай-ақ, ӨңҚ басшылығына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысымды жеткізгім келеді, - деді турнирдің 67 келі салмақтағы жеңімпазы атанған қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Ізмурзаев.

Чемпионаттың "Үздік техникасы" атағы  5513 "Оңтүстік" ӨңҚ әскери бөлімінің сарбазы қатардағы жауынгер Елжан Түсіпхановқа, "Әдемі жекпе-жек" номинациясы 6679 "Шығыс" ӨңҚ әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Медет Әбиолдаұлына, ал "Жеңіске деген құлшынысы үшін" номинациясы 6654 әскери бөлімінің сарбазы (Қаракемер кенті) қатардағы жауынгер Мирас Нұрмаханға табысталды.

Жеңімпаздарға медальдар, кубоктар және бағалы сыйлықтар берілді.  Бірақ олардың барлығы үшін басты сыйлық қызыққа толы, кәсіби жекпе-жектер болды. Өйткені, сайыста әр спортшы жылдар бойы шыңдалған нағыз шеберліктерін ортаға салып, тартысты жекпе-жек өнерін көрсетті.

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале