15.04.2024, 23:36
Оқылды: 21

«Батыс су арнасы» ЖШС қала тұрғындарынан ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды

Орал қаласында қазіргі уақытта шындыққа сәйкес келмейтін көптеген ақпарат таратылып жатыр, деп хабарлайды "Батыс су арнасы" ЖШС баспасөз қызметі.

жп вода (2)

"Қазіргі уақытта Орал қаласын сумен жабдықтауды және ағынды суларды бұруды қамтамасыз ететін барлық технологиялық жабдықтар штаттық режимде жұмыс істейді. Орал қаласын сумен жабдықтау 2 көзден (жер үсті-Орал өзені және жер асты - Орал жер асты су кен орны) қамтамасыз етіледі. Сорғы станциялары мен су тазарту құрылыстары кешенінің аумақтарын су басудың алдын алу үшін бөгеттерді толтыру және нығайту жұмыстары жүргізілді. Орал қаласының тұрғындарынан дүрбелеңге түспеуін және ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратты мұқият қадағалауды сұраймыз, - деп мәлімдеді "Батыс су арнасы" ЖШС қызметкері Бауржан Гилажев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале