9.09.2020, 11:17
Оқылды: 34

Батысқазақстандық ақынға Өзбекстаннан марапат жетті

Өзбекстан Республикасының халық шайыры, журналист Мухаммат Юсубтың 66 жылдық еске алу құрметіне арналған түркітілдес республикалар халықтары арасында өткен онлайн-байқауына «Поэзия» аталымы бойынша қатысқан батысқазақстандық ақын, белгілі ғалым, өңірдегі «Ақберен» жас ақындар мектебінің негізін қалаушы ұстаз Талап Таймасұлы жүлделі І орынға ие болды.

Жүлдегер

Ақын Талап Қуаныш аталмыш байқауға 5 өлең жолдаған. Оның ішінде "Көк тілекті жер өмір"," Уақыт", "Жалған дүние", " Қазақия", "Қазақы сөз" (соңғы екеуі толғау) туындылары бар.

Байқауға қатысушылар еркін тақырып бөлімі бойынша да қатысқан.  Байқау шарттары негізінде қазылар назарына аудио-жазба, аударма, журналистика, т.б. бағыттағы жұмыстар ұсынылған.

- Бұл "Янго овуз" Орта Азия және тарихшылар Одағының марапаты. Төраға орынбасары қырғызстандық Монолдоров Жолдошбек Акылбекулы.  Ошта тұрады. Шара Өзбекстанда өткенмен, марапат берген қырғызстандық қаламгер. Одақтың құрамында оннан астам түркітектес мемлекеттің өкілдері бар. Аталмыш байқауды ұйымдастырған Өзбекстандағы ұйымдастырушылар да осы одақтың мүшелері, - дейді белгілі ақын, зерттеуші ғалым Талап Таймасұлы.

Бұған дейін де көптеген халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаз-жүлдегері атанған ақынның биыл жаңа кітаптары шығып, оқырманға жол тартқан болатын.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале