7.03.2025, 10:15
Оқылды: 373

Батысқазақстандық биатлоншылар ел чемпионатында өңір намысын қорғады

Жасөспірім биатлоншылар Ақмола облысы Сандықтау ауданынына қарасты Балкашино ауылында өткен ел чемпионатында кім мықтыны анықтады. 9 облыстан келген 200-ден астам мерген шаңғышы жарысқан бәсекеде өңір намысын Ислам Сағынәлиевтен тәлім алатын бөрлілік биатлоншылар қорғады.

Бірнеше күнге созылған жарыста 2010- 2014 жылдар аралығында туған жас биатлоншылар өзара сынға түсті. Қорытындысында жекелей жарыста 2012-2013 жылғы мерген шаңғышылар сайысында Андрей Пирог үшінші орын иеленсе, Әлішер Мәліков ел чемпионы атанды.

WhatsApp Image 2025-03-07 at 11.10.46

Спринт және жекелей сындарда жарыс жолына шыққан облыс биатлоншыларының біразы үздік он бестіктен түскен жоқ. 2010-2011 жылғы ұлдар арасында Арын Тажибаев спринтте 6, жекелей сында 9-шы болды.  Осы жастағы Анастасия Соколова спринтте жетінші, жекелей жарыста сегізінші орынға түұрақтаса,  Лейла Мұқатова спринтте 10-шы жекелей сында 12-ші орынды қанағат тұтты. Ал 2012-2013 жылғы ұлдар арасындағы спринтте Андрей Пирог 7 орын, Әлішер Мәліков 9 орын иеленді.

Шынын айту керек облыста кенже қалған биатлон Ақсайда жанданып жатқаны қуантады.

- Биатлон өте қиын спорт түрі. Оны қолға алғанымызға көп бола қоймады. Десе де шәкірттерім жақсы нәтиже көрсетті. Ұл-қыздардың болашағы бар. Тек тынымсыз еңбектенуіміз керек. Сонда ғана нәтижеміз жақсара түседі, – дейді бапкер Ислам Сағынәлиев.

 Түгелбай Бисен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале