11.09.2024, 10:15
Оқылды: 132

Батысқазақстандық құтқарушы Азия чемпионы атанды

Батысқазақстандық құтқарушы Азия чемпионы атанды, деп хабарлады БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі.

53101304-6F11-435F-959E-70FCA6225C46

Сурет: БҚО ТЖД

«Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында 3-15 қыркүйек күндері грэпплингтен ересектер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

866FAF3D-F694-4493-A954-3EBCA0E62BE3

Аталған жарыста 70 кг салмақта БҚО «ӨС және АҚЖҚ» РММ №6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Сырым Габбасов I орын иеленіп, Азия чемпионы атанды», деп хабарлады БҚО ТЖД-дан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале