9.07.2023, 1:16
Оқылды: 71

Батысқазақстандық Мария Бровкова әлем чемпионы атанды

Италияның Ауронзо қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында байдарка мен каноэде ескек есуден əлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан құрамасының 2 өкілі тұғыр биігіне көтерілді. Бұл жөнінде  kazsports.kz хабарлайды.

WhatsApp Image 2023-07-09 at 02.11.16

Суреттің дереккөзі: kazsports.kz

Əуелі Мария Бровкова 18 жасқа дейінгілер арасындағы С-1 санатында 1000 метрге жарыста алдына жан салған жоқ. Оның уақыт көрсеткіші 4:35.01 секунд. Күміс жүлдені мажарстандық Река Саркани уысына түсірсе, үздік үштікті өзбекстандық Шохсанам Шерзодова түйіндеді.

Осыдан кейін 23 жасқа дейінгі спортшылар сынында Руфина Ысқақова мəре сызығын 2-болып кесті. Ол С-1 санатында 1000 метр жарыста мажарстандық Борька Загывайға ғана жол берді.

Жалпы биылғы бəсекеге 65 мемлекеттен 938 спортшы жиналды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале