Батысқазақстандық Гауһар Ермағамбетова Тараз қаласында дзюдодан өткен Қазақстан ІV жастар ойындарының қола жүлдегері атанды.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Қасым Қаженов жаттықтыратын Гауһар 57 кг салмақта жүлдеге ілікті.
Бөрлі ауданында туып-өскен ол қазіргі кезде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 1-курсында оқиды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын тағы бір бөрлілік палуан Гүлдана Әлмұханбетова (бапкерлері Қасым Қаженов пен Мәншүк Баданова) Баку қаласында өткен ІV Ислам ынтымақтастығы ойындарында дзюдо күресінен 52 кг салмақта қола жүлдені жеңіп алған болатын.
Елжан Ералы
zhaikpress.kz