1.03.2023, 15:00
Оқылды: 20

Батысқазақстандық полицейлер қиындыққа тап болған жүргізушіге көмектесті

Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жолда қиын жағдайға тап болды. Полиция қызметкерлері көмекке келмегенде Өзбекстан азаматының жолда қанша тұратыны белгісіз еді.

7C4F4260-3FE4-492B-B109-77D0FDCFBAEB

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Мерседес» жүк көлігінің жүргізушісі Орал-Озинки тас жолында рөлді басқара алмай, бордюрге кіріп кетіп, өздігінен шыға алмаған.

Жүргізуші жолда 2 сағат бойы тұрып қалған.

Кейін полиция қызметкерлері келіп, кабель тауып, содан кейін өтіп бара жатқан жүк көлігін тоқтатып, жүргізушінің басқаруындағы көлікті тартып, жолға шығарып алуды өтінді.

6BB81B6B-7FA9-436F-8331-AE012449E956

52C6CA1B-C336-4142-BF8E-3FBDD27E72E9
Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Өзбекстан азаматы полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале