Қарағанды қаласында өтіп жатқан бокстан ересектер арасындағы ел чемпионатының финалына шыққан батысқазақстандық Сабыржан Аққалықов ел чемпионы атанды.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Сабыржан ақтық сында алматылық Фарух Тоқтасынмен күш сынасты. Бірінші раундта төрешілер батысқазақстандық боксшы мықты болды десе, екінші раундта алматылық жігіт мықтырақ болды.
Жекпе-жектің үшінші бөлігінде қарқынға қарқын қосқан Сабыржан жеңісті жұлып алды.
– Өте қуаныштымын. Мені қолдаған барша жанкүйерге рахмет, - деді Сабыржан кездесу соңында Sport+ Qazaqstan арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік Сабыржан Аққалықов – жастар арасындағы әлем чемпионы. Қарағанды өңірінде туғанымен елішілік жарыстарда Батыс Қазақстан намысын қорғайды.
Түгелбай Бисен
zhaikpress.kz