23.08.2026, 14:12
Оқылды: 15

Батысқазақстандық шығармашылық ұжымдар маңызды қоғамдық-саяси шараға атсалысуда

Батысқазақстандық шығармашылық ұжымдар маңызды қоғамдық-саяси шараға бір кісідей атсалысуда. Орал қаласындағы жетекші өнер ұжымдарының бірі - Қарлығаш Қадырбекова атындағы өнер орталығының ұжымы мен бишілері дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

de43cb87-55fc-49dd-a959-2eb543fe9ae3

Өнерпаздар маңызды қоғамдық бастамаға қолдау көрсетіп, дауыс беру рәсімінен кейін көпшілікке әсерлі би композициясын ұсынды. Сахнадағы әрбір қимыл арқылы олар өнерге деген сүйіспеншілік пен туған елге деген шексіз құрметін жеткізді. Ұжым үшін бұл қадам - ел өміріндегі маңызды мәселелерге бейжай қарамай, отаншылдық рухты паш етудің айқын көрінісі болды. Оралдық бишілердің бұл бастамасы өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге белсенді араласуға және мемлекет болашағына бірге үлес қосуға үндейді.

Айта кету керек, Қарлығаш Қадырбекова атындағы өнер орталығы - авторлық хореография мен заманауи ұлттық бағытты ұштастырған Батыс Қазақстан өңіріндегі ең танымал өнер мектептерінің бірі. Мұнда төл идеяларға негізделген өзіндік би стилі қалыптасқан. Орталық жанында елімізде сирек кездесетін «Рух» ұлдар би ансамблі мен «Атамекен» ерлер би ансамблі табысты жұмыс істеп келеді.

Бүгінде орталық тәрбиеленушілері тек хореографиямен шектелмей, вокал, актерлік шеберлік және бейнелеу өнерін қатар меңгеруде. Республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше мәрте Бас жүлде (Гран-при) иегері атанған шығармашылық ұжым қысқа мерзімде қанатын кеңге жайып, Орал қаласы мен Зачаганск кентінде бірнеше ірі филиалын ашып үлгерді.

БҚО ӨКҚ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале