3.05.2023, 14:30
Оқылды: 331

Батысқазақстандық студент Азия чемпионы атанды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Ержан Ерболат Азия чемпионатында қол күресінен жеңіске жетіп, бес дүркін Азия чемпионы атанды.

InShot_20230503_143048887

25 сәуір мен 5 мамыр аралығында Біріккен Араб Әмірлігі елінің Дубай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Ержан Ерболат Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетті.

Бүгінге дейін үлкен еңбек пен тынымсыз жаттығудың арқасында биік белестерді бағындырған жас спортшы чемпионатта 55 келі салмақ дәрежесі бойынша өз бағын сынап, қол күресінен оң қолмен де, сол қолмен де қарсыластарынан басып озды.

Бұл – Ержанның Азия чемпионатындағы бесінші мәрте жеңісі.
Еске сала кетсек, Ержан Ерболат Жәңгір хан университетінде «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институтында «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша 4-курста білім алуда.

БҚАТУ медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале