Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің спортшы қыздары тағы бір белесті бағындырды.
16-17 наурыз күндері аралығында Павлодар қаласында өткен V Жастар ойындарында жоғары оқу орнының экономика және аудит жоғары мектебінің І курс студенттері Зейнеп Баянова мен Анастасия Панасович әйелдер күресінен жеңімпаз атанып, ҚР спорт шебері нормативін орындады. З.Баянова 53 келі салмақта, ал А.Панасович 68 келі салмақта өз бақтарын сынап, жеңіске жетті.
Еске сала кетсек, қос бойжеткен жуырда ғана Өскемен қаласында өткен әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгілер арасындағы ҚР чемпионатында да топ жарған болатын. Ел чемпионатында З.Баянова қола жүлдеге қол жеткізсе, А.Панасович күміс медальды жеңіп алған еді.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-
техникалық университетінің медиа орталығы