18.05.2017, 16:52
Оқылды: 59

Батысқазақстандық тұрғын қазақстандықтарды Сирияда соғысуға үгіттеген

Siriada sogisu   Батыс Қазақстан облысында биыл экстремизм мен терроризм деректері бойынша 8 адамға қатысты 6 қылмыстық іс қаралды.

   БҚО прокуратурасы сот актілерінің заңдылығын қадағалау және қылмыстық істер бойынша мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету басқармасының бастығы Нұрлан Мақатовтың айтуынша, мұндай істер ерекше бақылауда. Барлық қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Өйткені мұндай қылмыстар үшін баламалы жаза түрі заңмен қарастырылмаған.


      Аталмыш істер көбіне діни алауыздықты қоздыру, терроризмді насихаттаумен байланысты болып келеді. Дегенмен өңірде терроризм актісіне дайындалу және террористік әрекетке үгіттеу дерегі бойынша екі қылмыстық іс қаралды. Мысалы, Орал қалалық сотының 19 сәуірдегі үкімімен Х. есімді азамат террористік әрекетті, діни алауыздықты қоздыру және мемлекеттік шекараны қасақана кесіп өту дерегі бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жалған құжаттар жасап, ҚР шекарасын қасақана кесіп өтіп, Украинаға жетіп, одан Ыстанбұл қаласына ұшып барған. Сол жақта жүріп, Қарағанды және Атырау облысының тұрғындарын «ИГИЛ-ДАИШ»-қа қосылуға үгіттеген.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале