Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында шырайлы Шымкент қаласында өтетін республикалық поэтикалық дуэльге батысқазақстандық жас ақын, республикалық, облыстық жас ақындар арасындағы мүшәйралардың жүлдегері Нұртілеу Қадырқұлов қатыспақ.
«Күміс қалам» жобасы аясында «Шам жарығындағы кездесу» атты жас жазба ақындар арасындағы додаға еліміздің әр аймағынан 20-дан астам жас ақын қатысуға ниет білдірген.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, “Күміс қалам” атты поэтикалық дуэль белгілі ақын Есенғали Раушановтың туған күніне орайластырылып отыр.
Болашағынан үлкен үміт күттіретін Нұртілеу бүгінде Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің 4-курс студенті, Жаңақала ауданының тумасы.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz