13.10.2020, 12:18
Оқылды: 23

Батысқазақстандықтар Алижанды қолдайды!

Орал қаласының тоғыз жасар тұрғыны Алижан Тұрғалидың есімі бүгінде жұртқа танымал. 

Алижан 1

Білімге, ізденіске құмар, мінезі ашық, сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз өрен Орал қаласындағы мектептен тыс жұмыс орталығындағы «Гүлдер» вокал студиясы, «Қылқалам» көркем еңбек студиясы, «Ақ берен» жас ақындар мектебіне 4 жасынан бастап қатысып келеді.

Мектептен тыс жұмыс орталығында өтетін қалалық мерекелік шараларға белсене қатысады.

Алижан 2

Табиғат берген талантының арқасында домбыра құлағында ойнап, табиғи даусымен ән де шырқайды. Өлең жазуға бейім. Оның тырнақалды туындылары республикалық жинаққа шығып, республикалық «Балдырған» журналы бетінен орын алды.

Өнерпаз балғын бағын сынап, вокалдық «Бала дауысы» ән байқауына да қатысты. Байқау жетістігі республикалық сайысқа ұласып, Алматы сахнасында өзі тұстас балалармен бақ сынасу дәрежесіне жетті. Бұл сапары да оңды болып, республикалық «Бала дауысы» байқауының соңғы мәресіне жолдама алуына себепші болды.

Өнер жолын ұстанған жас өнерпаз Алижанның соңғы мәреден де өтіп, жеңіс туын желбіретуіне жерлестері тілектес.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале