20.09.2023, 12:30
Оқылды: 58

Батыста «Үздік БТР экипажы» конкурсы басталды

Ақтөбе қаласында Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшыларының орынбасарлары мен әскери бөлім командирлері бастап, Ұлттық ұлан Академиясының техника және қару-жарақ жөніндегі бастығы қостаған оқу-әдістемелік жиын басталды, деп хабарлайды ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

122B6182-92F3-42BF-9C80-A220DB3A55B1

Олардың арасында өзге де өңірлік қолбасшылықтардың және тікелей бағынысты әскери бөлімдердің қару-жарақ қызметі бойынша басшылары да бар.

Жиын барысында Ұлттық ұланның «Үздік жүргізуші» және «Үздік БТР экипажы» конкурсының жеңімпаздары анықталады.

Басқосу «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 6655 әскери бөлімінде Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының 2023 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізіліп жатыр.

Жиынның салтанатты ашылуына Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары генерал-майор Константин Воронкин, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары Виктор Мухатаев, 6655 әскери бөлімінің командирі полковник Мирас Турдалин қатысты.

1A967BBD-E739-4A29-B021-733540C89781

Ресми іс-шарадан кейін Ұлттық ұлан бойынша техникалық қызметтің атқарған жұмыстарына қорытынды жасалды. Жаңа мақсаттар бекітілді.

Сондай-ақ теориялық сабақтар барысында «Тактикалық командалық автомобильді қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Ұлттық ұлан академиясының курсанттарын даярлау мәселелері қозғалды. Одан кейін жиынға қатысушылар техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құжаттарды білу бойынша сынақ тапсырды.

Сонымен қатар 6655 әскери бөлімінің оқу орталығында Ұлттық ұланның «Үздік жүргізуші» және «Үздік БТР экипажы» конкурсының бастапқы кезеңдері өткізілді. Конкурс қатысушылары бронетранспортердің жабдықтары, техникалық қызмет көрсету тәртібі және ақауларды жою туралы білімдерін сынады.

Сондай-ақ олардың жол қозғалысы ережелері бойынша білімдері тексерілді. Бұдан бөлек қарудың материалдық бөлігі және тактикалық-техникалық сипаттамалары бойынша білімдерін тәжірибе түрінде байқатты. Әскери қызметкерлердің алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша қабілеттері де сыналды.

Тіпті олардың жол қозғалысын реттеуге арналған жалауды қолдану дағдылары тексеріліп, БТР жүргізушілері мен экипаждарының техникалық дайындық нормаларын сақтаудағы қабілеттері бақылауға алынды.

– Біз бүгін бірнеше нормативтер бойынша сынақ тапсырдық. Барлық қатысушылар әзірге қатар келе жатыр. Жалпы қорытынды оқу-әдістемелік жиынның соңында шығарылады. Біз «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының намысын қорғап келіп отырмыз. Сондықтан барымызды салуға тырысамыз. Ал «Батыс» өңірлік қолбасшылығына еліміздің әр аймағынан келген қатысушылардың атынан алғысымды білдіремін, - дейді 3514 әскери бөлімінің дәлдеуші маманы, кіші сержант Ердос Мамырбеков.

Айта кетейік, ертең олар атыс алаңындағы нормативтерді орындау бойынша сынға түседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале