Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының Қарағанды қаласында орналасқан 6505 әскери бөлімінде «қаралы қаңтар» оқиғасында қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алуға арналған Ұлттық ұланның әскери қызметшілері арасында штаттық қарудан оқ атудан турнир өткізілді.
Аталмыш жарысқа «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс», «Орталық» өңірлік қолбасшылықтарының сонымен қатар Петропавол қаласында орналасқан әскери академия курсанттары және елордалық 5573, Қаракемер кентіндегі 6654 әскери бөлімдерінің жауынгерлері қатысты.
Турнир барысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері жеңіске деген ерік жігерін көрсетіп, командасы үшін аянып қалмады.
Тартысты өткен турнирдің қорытындысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы бірінші орынды иеленсе, екінші орын «Орталық» өңірлік қолбасшылықтың әскери қызметкерлеріне бұйырды. Ал үшінші орынды Петропавол қаласынан келген әскери Академияның курсанттары қанағат тұтты.
Айта кетейік «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері штаттық қарудан ату турнирі кезінде жеке біріншілікте де жоғары нәтижелер көрсетті. Атап айтатын болсақ, Макаров тапаншасынан №3 жаттығуды орындау барысында оралдық майор Роман Абдрахманов қарсыластарынан озық шығып бірінші орынды иеленді. Дәл осы атыс қаруынан №4 жаттығуды орындау кезінде ақтаулық ефрейтор Омар Асқарұлы жеңіс тұғырынан көрінді. Сонымен қатар АК-74 қаруынан атыс жарысы кезінде Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Ерсұлтан Әуез алтыннан алқа тағып жалпы командалық есепте «Батыс» құрамасы бірінші орынға шықты.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ертуған Әубакир,
капитан