1.04.2022, 19:08
Оқылды: 14

Баубек республикалық марафонда топ жарды

1 сәуір күні Қызылорда қаласында «BIALI марафон – 2022» республикалық мараоны оздырылды. ҚР жеңіл атлетика федерациясының Қызылорда облыстық филиалының қолдауымен, Қызылорда спорт бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жарыста, жерлес марафоншы Баубек Ілиясов 8 шақырым қашықтықта 18-40 жас аралығында ерлер арасында жүлделі І орынға ие болды. Баубек Ілиясов арнайы қаржылай сертификатпен және кубокпен марапатталды.

IMG-20220401-WA0093

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарламасына сүйенсек, шараның салтанатты ашылуында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұл, кәсіби боксер, Сыр мақтанышы Қамшыбек Қоңқабаев, «Абзал и К» ЖШС директоры Мағжан Ералиев, BIALI спорт дүкенінің директоры Асхат Шаукенбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

IMG-20220401-WA0092

Айта кетейік, жарысқа Ақтау, Орал, Қызылорда, Павлодар, Түркістан өңірлерінен 200-ге жуық марафоншылар қатысты. Баубек Ілиясовтың аталған жарысқа қатысуына жеке кәсіпкер, спорт жанашыры Нұрлыбек Хайруллин қолдау білдірді. Жерлесіміз казталовтықтарға және қолдау көрсеткен жандарға ризашылығын білдірді.

Асылбек Нәсіпқали, 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале