Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандық, әлемнің 247-ракеткасы Бейбіт Жукаев АҚШ-тағы Шарлотсвилл челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
Фото: ktf.kz
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 517-ракеткасы, испаниялық Иньяки Монтес де ла Торремен кездесті.
Бейбіт Жукаев 6:4, 7:6 (10:8) есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 51 минутқа созылған бәсеке барысында Бейбіт 11 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың біреуін пайдалана білді.
Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 284-ракеткасы, хорватиялық Нино Сердарушичпен кездеседі.