15.02.2022, 16:30
Оқылды: 118

Бейжің-2022: Қазақстандық спортшылардың медаль алмауына не себеп

Бүгінде Қытайда қысқы ақ олимпиада өтіп жатыр. Өкінішке қарай, Қазақстанның қоржынында әзірге жүлде жоқ. Осы орайда Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов айтулы жүлдеге қатысты мән-жайды түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

211026092527520e

«Әрине, спортшыларымызға патриоттық сезім туралы үнемі айтып отырамыз. Жалпы қысқы спорт түріне келсек, бізде 2 кешен бар. Бірі Алматыда, екіншісі Щучинскіде. Жалпы айтқанда, қысқы спорт түрі мен әр алаңның өзіндік қыр-сыры бар. Яғни спортшы сол жерге барып дайындалмаса болмайды. Демек отандық спортшылар шетелге жиі шығып, дайындалуы тиіс», - деді Елсияр Қанағатов Бейжіңнен тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Бейжің олимпиадасынан кейін ұлттық құраманың өнер көрсетуіне қатысты қорытынды жасалады.

«Қысқы олимпиадаға 91 мемлекет қатысып отыр. Соның ішінде біздің мемлекет айтарлықтай нәтиже көрсетуде. Айтар болсақ, фристайлдан қыздарымыз қандай секірулер жасады. Оны өздеріңіз көрдіңіздер», - дейді ол.

Айта кетсек, бұған дейін ҚР Ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Қазақстанда спорт саласы бойынша ғылыми зерттеу институтын құру керектігін ұсынған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале